Павлодарда 3700-ден астам кәсіпкердің құқығы қорғалды
Сурет: Zakon.kz
Павлодар қаласының прокуратурасы жергілікті атқарушы органның қала аумағындағы стационарлық емес сауда объектілерінің орналасуын анықтау кезінде Ұлттық экономика министрлігі бекіткен ішкі сауда ережелерінің барлық талаптарын ескермегенін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz есеп береді.
Атап айтсақ, әкімдік бір кәсіпкерге әртүрлі сипаттағы тауарды сату құқығын шектеп, сол аудандағы басқа кәсіпкерлердің тауарды шектеусіз өткізетінін ескермей отыр.
"Мәселен, әкімдіктің қаулысымен Торайғыров көшесінде дүкенге қарама-қарсы орналасқан жалпы ауданы 60 м2 аумақта тек саяжай және жеміс-көкөніс өнімдерін сатуға рұқсат етілді. Ал жақын маңдағы сауда орындарында тауарлар шығу тегі әртүрлі (азық-түлік, азық-түлік емес, тұрмыстық және т.б.) шектеусіз сатылады.Осылайша, кейбір кәсіпкерлердің заңмен тыйым салынбаған тауарлармен еркін сауда жасау құқығы заңсыз шектеліп отыр", - деді прокуратура.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша жергілікті атқарушы орган жаңа қаулы қабылдап, онда заң бұзушылықтар жойылып, 3700-ден астам кәсіпкерлік субъектілерінің бөлшек сауданы кедергісіз жүзеге асыру құқығы қорғалды.
Жалпы, бүгінде Павлодар қаласының прокуратурасы 6 мыңға жуық кәсіпкердің құқығын қорғады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 26-бабының 4-тармағына сәйкес, әркiмнiң кәсiпкерлiк қызмет бостандығына, өз мүлкiн кез келген заңды кәсiпкерлiк қызмет үшiн еркiн пайдалануға құқығы бар.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript