Ақмола облысында 600-ден астам жұмыскерлердің құқықтары қорғалды

Электронная биржа труда, рынок труда, карьерные центры, поиск работы, собеседование, работник, работники, сотрудники, сотрудники, наем, трудоустройство, прием на работу, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.02.2025 09:22 Фото: pixabay
Степногорск қаласының прокуратурасы еңбек заңнамасы саласында талдау жүргізу нәтижесінде жұмыскерлердің құқықтарын қорғап, қалпына келтірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Степногорск қаласының жергілікті атқарушы органдары Еңбек кодексінің 23-бабын бұза отырып, еңбек шартын жасасу және тоқтату туралы мәліметтерді еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне (әрі қарай-ЕШЕБЖ) енгізген жоқ. Соның салдарынан жұмыскерлердің жүйеден деректер алу құқықтары бұзылған.

ЕШЕБЖ-ның негізгі артықшылықтары келісім-шарттың, жарналардың және қорларға жарналардың болуын көрсету арқылы қағаз құжаттарды жинау және әлеуметтік тәуекелдерден қорғау қажеттілігінің болмауына байланысты жұмысқа орналастыру процесін жеңілдету, сондай-ақ жұмыс берушінің жұмыскерлер алдындағы міндеттемелерін бекіту болып табылады.

Анықталғандай, 2023-2024 жылдары жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғалары тарапынан 627 жұмыскер туралы мәліметтер енгізілмеген.

Қадағалау актісі бойынша анықталған бұзушылықтар жойылып, нәтижесінде 627 адамның құқықтары қорғалды, 12 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: