Тоқаевтың сынынан кейін Астананы ауыз сумен қамтып отырған жалғыз су қоймасы тазартылады
Сурет: Экология министрлігі
Экология және табиғи ресурстар министрлігі Қасым-Жомарт Тоқаевтың сынынан кейін Астананы ауыз сумен қамтамасыз ететін жалғыз су қоймасы тазартылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Осы жылдың 11 шілдесінде Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Астана қаласын дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте айтылған Президенттің тапсырмасы бойынша, Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі Астана су қоймасын тазарту жұмыстарын жүргізуді қолға алды". Экология және табиғи ресурстар министрлігі
1970 жылы салынған Астана су қоймасына осы уақытқа дейін тазарту жұмысы жүргізілмеген. Ол - астананы ауыз сумен қатамасыз ететін жалғыз су қоймасы. Қойманың жалпы көлемі 410,9 млн текше метр. Қазіргі көлемі 312,36 млн текше метр.
"Осыдан екі жыл бұрын, Қазгидромет мекемесі батиметрикалық түсірілім жасап, қойманың 46,7 млн текше метрі тұнба екенін анықтады. Бұл – су қоймасының 30%-і. 2023 жылы суға деген сұраныс – 97 млн текше метр. Оның 46 млн текше метрі қолданылды, жылдың соңына дейін қосымша 51 млн текше метрге сұраныс бар. Астана халқының саны жылдан жылға өсіп, тұтыну көрсеткіші ұлғайғанын ескере отырып, қойманы тереңдету, тазалау бойынша қос жобаны қолға алмақ. Себебі, 2030 жылы Астана халқы 2 млн-ға жеткен жағдайда, 150 млн текше метр су қажет болады", - делінген хабарламада.
Тазалау жұмысын бастамас бұрын, алдымен, арнайы сүңгуірлер су түбінде нақты не жиналғанын анықтауға тиіс, яғни, жұмыс барысы кезең-кезеңмен жүргізіледі. Мамандардың айтуынша, климаттық жағдайға байланысты, балықтың уылдырық шашу кезеңін ескере отырып, тазарту процесі кемінде 10 жылға созылуы мүмкін деп болжайды. Себебі 1 жылда 5 айдай ғана жұмыс істеуге мүмкіндік болады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript