Алматылықтарға әл-Фараби даңғылындағы жол жүрісіне қатысты өзгерістер ескертілді

Жол жөндеу жұмыстары, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.07.2023 10:49 Сурет: Zakon.kz
Қауіпсіздік және кептеліс болдырмау мақсатында әл-Фараби даңғылында Желтоқсан (Батыс) көшесінен ҮААЖ-ға дейінгі бөліктегі реверсивті қозғалыс (бір жолдың қарама-қарсы қос бағытқа да өзгере беруі) 17 шілдеде сағат 07:00-ден 00:00-ге дейін күшінде болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі батыс және шығыс бағыттардағы көлік қозғалысына арналған жолақтардың санын қалыптасқан жол жағдайына байланысты патрульдік полиция қызметкерлері айқындайтынын нақтылайды.

"Әл-Фараби даңғылы бойымен шығыс бағыттағы (Батыс Желтоқсан көшесінен) көлік қозғалысы 18 шілдеде сағат 00:00-ден 07:00-ге дейін толығымен шектеледі", делінген хабарламада.


Бұған дейін Алматыда Әл-Фараби даңғылында жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан учаскелерді автобустар қалай айналып өтетіні туралы хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: