Сатып алған тауар көңіліңізден шықпай қалса, не істеуге болады

Дүкендер мен түрлі сауда орындарында, базарларда тауар ауыстыруға, қайтаруға болмайды деген жазуларды жиі көруге болады. Бұл қаншалықты заңды?
Заңгер Венера Нұрғалиқызының айтуынша, бұл – заңға қайшы. Қазақстан Республикасының Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңының 14-бабына сәйкес, сіз сатып алған тауарды ұнатпасаңыз немесе пішіні келмей қалса, басқа тауарға ауыстырып алуға құқылысыз немесе сол сияқты тауар болмаған жағдайда, сатушы төленген ақшаны қайтарып беруге міндетті. Бұл туралы otyrar.kz хабарлады.
Ал сатушы тауарды ауыстырып беруден бас тартса немесе ақшаны қайтарып беру бойынша қиындықтар туындап жаста, Тұтынушылардың құқығын қорғау департаментіне арыз жазуға болады.
"Заң бәрімізге бірдей. Тек ескере кететін жайт, егер тауар бүлінген жағдайда сатушы айырбастап та, ақшаны қайтармауға да құқылы", - деді заңгер.
Сонымен қатар заңға сәйкес, кейбір тауарды ауыстыруға және қайтаруға болмайды.
Олар:
- Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар;
- Іш киімдер;
- Шұлық бұйымдары;
- Жануарлар мен өсімдіктер.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript