Павлодар облысында қос азаматтықтың 800-ден астам дерегі анықталды
Егер Қазақстан Республикасының азаматы басқа мемлекеттің азаматтығын алса, онда ол сол сәттен бастап Қазақстан Республикасының азаматтығын сақтамайды.
Қазіргі уақытта облыстық ПД көші-қон қызметінің бөлімшелері облыстың мемлекеттік органдарымен бірлесіп, қос азаматтықты анықтау бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізіп жатыр.
"Биыл Павлодар облысында 819 азаматқа қатысты Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылды. 49-ы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның 8-і Қазақстан Республикасынан шығарылды", – деді Павлодар облысы ПД Көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары Ғомар Шәбиденов.
Мәселен, Павлодар облысы Шарбақты аудандық полиция бөлімінің көші-қон полицейлері 45 жастағы ер адам Ресей Федерациясының азаматы бола отырып, қолданыстағы заңнамада белгіленген мерзімде шетел азаматтығын алмағаны туралы фактіні анықтады.
Шетелдік азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік материал жасалды. Материал шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.