Шығыс Қазақстанда пойыздың көмегімен өртенген шөп сөндірілді

өрт, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.07.2023 22:15 Сурет: Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі
Шығыс Қазақстанда өрт сөндіру пойызының көмегімен өртенген шөп сөндірілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

17 шілдеде сағат 16:43-те Риддерден 15 шақырым қашықтықта, "Өскемен-Риддер" темір жолының бойында 10 шақырым ұзындықтағы құрғақ шөптер, бұталар мен ағаштар жанды.

Өртті сөндіруге Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің, орманшылықтардың күштері мен "ҚТЖ "ҰК" АҚ өрт пойызы, Шығыс Қазақстан облысы әуе бөлімшесінің тікұшағы, барлығы 46 адам, 12 бірлік техника жұмылдырылды. Жеке құрам өртке жаяу жетуге мәжбүр болды.

Сағат 22:21-де өрт толығымен сөндірілді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: