Қазақстандық төлқұжаттың әлемдік рейтингідегі орны жақсарды
Сурет: Zakon.kz
Henley & Partners әлемдегі ең ықпалды төлқұжаттардың рейтингінде Сингапур 1-орынға шықты, бұл ел азаматтары дүниежүзінің 192 еліне визасыз бара алады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Henley & Partners консалтингтік компаниясы Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IAA) деректері негізінде 2023 жылғы үшінші тоқсанына арналған Дүниежүзілік төлқұжат индексін жариялады. Жапония кейінгі 5 жылда көш бастап келген, қазір Сингапур бұл елді басып озды.
Германия, Италия және Испания (190 ел) екінші орында тұрса, Жапониямен қоса, Аустрия, Люксембург, Финляндия, Франция, Швеция және Оңтүстік Корея (189 ел) үшінші орынға жайғасты.
Қазақстан 66-орында, бір жыл бұрын 68-орында тұрған.
Тізімдегі соңғы орында Ауғанстан, Ирак және Сирия паспорттары тұр.
Айта кетейік, осыдан екі апта бұрын тағы бір рейтингіде - Passport Index-те Қазақстанды 53-орында тұрған еді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript