Жаңалықтар тізбегі
0

Бесағаш ауылының тұрғындары аптап ыстықта сусыз отыр

Нәрестені қырқынан шығара алмай отырмын: бесағаштықтар ауыз суға зәру, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.07.2023 09:15 Сурет: pixabay
Алматы облысында ауыл тұрғындары су мәселесіне шағымданудан шаршады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Нәрестені қырқынан шығаруға су таппай отырмыз". Екі айдан бері аптап ыстықта тіршілік көзінен тарыққан Алматы облысындағы Бесағаш ауылының жұрты осылай шағым айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Айта-айта Алтайды, Жамал апам қартайды". Бесағаш ауылының кіреберісінде бүгін тағы жиын. Жуынбақ тұрмақ, ішетін су жоқ деп уәжін айтқан тұрғындар әкімдікке бұған дейін де жүгінген. Бірақ нәтижесіз. "Осымен екінші ай тіршілік нәрін іздеп күнде сандаламыз" дейді халық.

Кішкентай нәрестесін қырқынан шығара алмай отыр. Қонақ шақырсақ, су керек. Ішетін суды қаладан тасимыз. Пакет-пакет кір жинап, аптасына бір рет енемнің, сіңілімнің үйіне барып, кір жуып келеміз, – деді Бесағаш ауылының тұрғыны Жұлдыз Көбегенова.

Аптап ыстықта сусыз қалу әсіресе қарттар мен жаяуларға қиын соғып жатыр. Себебі жақын жерде құдық, тіпті арық та жоқ.

Бесағаш ауылының жұрты су тапшылығын биыл ғана көріп отырған жоқ. Бұл - бұған дейін де көтерілген мәселе. Сондықтан болар, ауылдың кейбір тұрғындары цистерна сатып алып қойған. Ол жерге сатып алған суын құяды. Енді онда жиналған суды ішу тұрмақ, жуынуға да жарамсыз.

Тұрғындардың айтуынша, ауылдың жартысын бір басқа, екінші бөлігін өзге жекеменшік мекеме тіршілік көзімен қамтамасыз етеді. Басы дауға қалған серіктестіктің өкілі "су мүлдем жоқ" дегенмен келіспеді, бірақ барлығына түгел жетпейтінін мойындады.

"Мүлдем болғанда, таңертең 2 сағат, кешке 2 сағат су беріледі. Резервуарға аз жиналады. Біз оны толық толтырып, содан кейін қосамыз", – деді "Тас-құм су" ЖШС ресми өкілі Ернар Татанов.

Ал жергілікті әкімнің айтуынша, тозған құбыр судың жиі тоқтауына себеп болған. Өткен ғасырда салынған желінің қазіргі халық санына есептелмеген.

"Мәселені көтергенімізге 20 жылдан асты. "Бесағаш, су" десе бәрі біледі. Үкімет тарапынан 7 млдр 400 млн-ға үлкен жоба алдық. Бір апта болды Астанада экспертизаға өткізіп қойдық", – деді Бесағаш ауылдық округінің әкімі Ернар Жүнісов.

Бесағаштың кірбересіндегі жиын бітті. Халық пен билік өкілдері және жауаптылар ұзақ сөзталастан кейін бір шешімге келгендей болды. Әкімдік бүгіннен қалмай су тиеген көліктер жібереміз деп сендірді. Бірақ халық мәселені нақты шешілуін талап етті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: