Астанадағы тергеу изоляторына мантының ішіне есірткі салып өткізбек болған
ҚР ІІМ ҚАЖ комитетінің № 64 мекемесіндегі режимдік және жедел бөлім қызметкерлерімен, елордалық тергеу изоляторында ұсталған тергеу-қамауға алынған азаматқа әкелінген сәлемдемені тексеру кезінде мантыда қара-жасыл түсті, ерекше иісі бар, ұқыпты түрде жасырылған полиэтилен пакетке оралған зат табылып, тәркіленді.
Осылайша, мекеме қызметкерлері есірткі затын тергеу изоляторының аумағына беру әрекетін тоқтатты.
Бұл факт стационарлық бейнебақылауға, сондай-ақ киілетін бейнетіркеуішке тіркелген.
Сот-химиялық сараптаманың қорытындысына сәйкес алынған зат салмағы 3,19 грамм болатын есірткі заты - гашиш болып шықты.
Осы факті бойынша "Байқоңыр" ауданының полициясының тергеу-жедел тобы шақырылды.
Күдікті азамат А. қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат алынған.
"Бұл факт жеке құрамның жоғары кәсібилігінің көрсеткіші болып табылады. Біздің қызметкер, режим және күзет бөлімінің бақылаушысы, берілетін өнімдерге сапалы тексеру жүргізді. Басқаша айтқанда, оның қырағылығының арқасында анықталмаған зат камерада қамауға алынған адамға жете алмады". №64 мекеменің баспасөз қызметі