Астанадағы қиылыстардың бірінде көлік қозғалысы 6 тамызға дейін жабылады

Астанада жолдардың қиылысы 17 күнге жабылады. Әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, Обаған мен Кеңгір көшелерінің қиылысында инженерлік желілердің құрылысы басталады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Астана қаласының Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасымен келісе отырып, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Обаған және Кеңгір көшелерінің қиылысында инженерлік желілерді орнату жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты биыл 24 шілде мен 6 тамызы аралығында жоғарыда аталған учаскеде көліктердің қозғалысы толығымен жабылады". Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Қала билігі елорда тұрғындары мен қонақтарынан кептеліске жол бермеу үшін бағытты алдын ала жоспарлауды сұрайды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript