Жаңалықтар тізбегі
0

Ақсу тұрғыны бопсалаушыларға 22 млн теңгеден астам ақша берген

Заң бұзған адам жауапқа тартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.07.2023 15:24 Сурет: Zakon.kz
Павлодар облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері анықтағандай, соңғы екі жыл ішінде белгісіз адамдар жәбірленушіден ар-намыс пен қадір-қасиетке нұқсан келтіретін бейнежазбалардың таралуына қауіп төндіріп, ірі мөлшерде ақша бопсалады.

Жалпы күдіктілер 22 млн теңгеден астам қаражат алған. Бұл адамдарға ақша беруге мүмкіндігі жоқ қала тұрғыны полицияға арызбен жүгінді.

"Арнайы іс-шараларды өткізу барысында Павлодар полицейлері, "Арлан" арнайы бөлімшесінің қатысуымен кезекті ақшалай қаражатты беру кезінде Павлодар қаласының үш тұрғыны қорқыту арқылы ақша бопсалады деген күдікпен ұсталды. Ұсталған кезде облыс орталығының тұрғындары белсенді қарсылық көрсеткенін атап өткен жөн. Жасырынуға тырысып, полиция қызметкерін көлікпен қағып кетті. Ұсталғандарға қатысты бұлтартпау шарасы – қамауға алу таңдалды. Ұсталғандардың бірі бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Осы факт бойынша қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы ҚК-нің 194-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", – деді Павлодар облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Ғабит Қабдрахманов.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес оның кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен танылғанға дейін адам қылмыс жасағаны үшін кінәлі емес деп есептеледі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: