25 шілдедегі түскі саудада доллар төмендеді
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы көтеріліп, 62,22 теңгені (+0,43) құрады.
Еуро бағамын Ұлттық банк 493,37 теңге, рубльді 4,93 теңге деп белгіледі.
Ақша айырбастау орындарында доллар 444-447 теңге, еуро 493-497,5 теңге, ресей рублі 4,83-5,07 теңге аралығында сатылуда.
Ал 25 шілдедегі аукционда әлемдік мұнай бағасы көтеріліп жатыр.
Осылайша, Лондонның ICE Futures биржасында Brent маркалы қыркүйектегі фьючерстері 0,25%-ға өсіп, барреліне $82,95 құрады. Дүйсенбіде Brent барреліне 2,2%-ға қымбаттап, 82,74 долларға дейін сауданы 19 сәуірден бергі ең жоғары деңгейде аяқтады.
WTI қыркүйектегі фьючерстері Нью-Йорк тауар биржасында 0,3%-ға қымбаттап, барреліне 78,98 долларды құрады. Алдыңғы сессияның қорытындысы бойынша келісімшарт 24 сәуірден бастап максимумды жаңартып, барреліне $1,67 (2,2%) көтеріліп, $78,74 құрады.