Оралда жеңіл көлік пен мотоцикл соғысып, екі адам қаза тапты
Сурет: БҚО полиция департаменті
Оралда жеңіл көлік пен мотоцикл соғысып, салдарынан екі адам қаза тапты, - деп хабарлайды Zakon.kz.
25 шілдеде сағат шамамен 15:04-те Оралдағы Құрманғалиев және Көкшетау көшелерінің қиылысында 1971 жылғы жүргізуші мінген "ВАЗ 2114" автокөлігі мен мотоцикл соқтығысты.
Жол апаты салдарынан мотоциклдің 1987 жылы туған жүргізушісі және 1992 жылғы жолаушысы мерт болды.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript

