Синоптиктер алдағы үш тәулікте Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы қандай болатынын айтты
Астанада:
27 шілдеде көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауады, найзағай жарқылдайды. Солтүстік-шығыстан екпіні 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +15+17°С, күндіз +26+28°С.
28 шілде көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан екпіні 7-12 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +11+13°С, күндіз +28+30°С.
29 шілдеде көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Батыстан соғатын жел екпіні - 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +13+15°С, күндіз +28+30°С.
Алматыда:
27 шілде көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан екпіні 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +23+25°С, күндіз өте ыстық +37+39°С.
28 шілдеде көшпелі бұлт шығады, күндіз өткінші жаңбыр жауады. Кей жерлерде қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ жаууы мүмкін. Батыстан соғатын желдің күші 3-8м/с, найзағайдың екпіні 18-23 м/с. Ауа температурасы түнде +23+25°С, күндіз +30+32°С.
29 шілде көшпелі бұлт шығады, түнде өткінші жаңбыр жауады, найзағай жарқылдайды. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші - 3-8м/с, найзағайдың екпіні - 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +20+22°С, күндіз +31+33°С.
Шымкентте:
27 шілдеде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Батыстан соғатын жел екпіні - 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +24+26°С, күндіз +37+39°С.
28 шілде көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан екпіні 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +23+25°С, күндіз +35+37°С.
29 шілдеде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан екпіні 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +23+25°С, күндіз +36+38°С.