Жетісу өңірінде өзенге шомылған 50-ден астам адамда бөртпе пайда болды

Жетісу облысы Қаратал ауданының тұрғындары Қаратал өзеніне шомылғаннан кейін терінің қызаруы мен қышуына шағымданады. Демалыстан кейінгі келесі күні дерлік барлығында тері проблемалары басталды. Басқа белгілер әлі жоқ.
"Өзенге түсіп, қышыма жұқтырды. Төрт күн өтседе, қайтпады. Денесінде қызыл нүктелер бар", - деді Zakon.kz тілшісіне демалушылардың бірі Елена Комарова.
Бұған жыл мезгілінде болатын балдырлардың гүлденуі себеп дейді жергілікті тұрғындар. Оның кесірінен Қараталдағы демалушылар жаз сайын тері ауруларына шағымданады. Бұл ретте жергілікті тұрғындар жалпы өзеннің суға түсуге арналмағанын алға тартады.
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті түрлі сынақтар үшін су сынамасын жүйелі түрде алып жатқанын айтты. Қаратал өзеніндегі барлық көрсеткіштер гигиеналық норма талаптарына сай.
"Ұлттық сараптама орталығының зертханасымен бірлесіп ағымдағы жылдың мамыр-шілде айлары аралығында санитарлық-химиялық көрсеткіштер бойынша (36 сынама), микробиологиялық талдауға (36 сынама), паразитологиялық көрсеткіштерге (12 сынама) су сынамалары алынды. Атап айтқанда, ағымдағы жылдың 20 шілдесінде мамандар Қаратал өзенінде вирустық гепатит пен ротавирустық ауруларға сынама алып, сараптама нәтижесі теріс шықты", - деп хабарлады Zakon.kz тілшісіне тиісті бөлім.
Қайта талдау тамыз айының басында жүргізіледі деп уәде етілген. Тексеру нәтижелері туристерде бөртпе пайда болуына не себеп болғанын анықтауға көмектеседі. Өзенге шомылғаннан кейін әртүрлі аурулардың белгілерін байқасаңыз, мамандар дереу дәрігерге қаралуды және өзін-өзі емдемеуді талап етеді.
Бұған дейін мамандар субұрқақтарда неге суға түспеген дұрыс екенін еске салған болатын.