Жаңалықтар тізбегі
0

Астананың Тұран даңғылындағы бір учаскеде қозғалыс уақытша жабылады

Астананың Тұран даңғылындағы бір учаскеде қозғалыс уақытша жабылады, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.07.2023 15:22 Сурет: pixabay
Құрылыс-монтаждау жұмысына байланысты биыл 2-20 тамыз аралығында Тұран даңғылының негізгі қозғалыс белдеулері бойынша Хусейн Бен Талал көшесінен әуежайға қарай екі жаққа қозғалыс жабылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Көлік қозғалысы екінші реттік съездер бойынша жүзеге асады. Сонымен қатар 26 шілдеден 26 тамызға дейін Мәңгілік ел даңғылынан Хусейн Бен Талал көшесі бойындағы екінші реттік жол бойымен 6 жылу магистралін салу бойынша жұмыс жүргізу үшін қозғалыс толығымен жабылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Жол жабық, Астана , сурет - Zakon.kz жаңалық 27.07.2023 15:22

Сурет: Астана әкімдігі

"Астананың Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының келісімімен республикалық Бас мешіт ауданындағы тұрғын үйлерді орталық жылытумен қамтамасыз ету мақсатында қаланың отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы НС-14-тен ТМ-47-ге дейінгі магистральдық жылу трассасын салу аясында жұмыс істеп жатыр", - деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: