СҚО полицейлері оккульттік "емшіні" анықтады
Сурет: ҚР ІІМ
СҚО ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасына Петропавл тұрғыны дәстүрлі емес "емдеумен" айналысып жатқандығы, сондай-ақ діни насихат жүргізетіні туралы ақпарат келіп түсті.
Тексеру кезінде ақпарат расталды. Тәртіп сақшылары 44 жастағы қала тұрғыны "Ата жолы" оккульттік-мистикалық діни ағымының ізбасары екендігін анықтады.
Ол тұрғылықты жерінде емшілікпен айналысқан. Әйел адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 489-бабының 10-бөлігі (Қазақстан Республикасының қоғамдық бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелмеген қоғамдық, діни бірлестіктердің қызметіне басшылық жасау, қатысу, олардың қызметін қаржыландыру) бойынша материал жиналды.
"Заңның бұл нормалары адамдарды деструктивті идеологияның ықпалынан қорғау үшін қабылданған. Дәстүрлі емес діни практикаларға сенім арту, тіркелмеген немесе тыйым салынған қоғамдық, діни бірлестіктердің қызметіне қатысу психика үшін орны толмас зардаптарға, отбасы мен мансаптың бұзылуына әкелуі мүмкін. Біз адамдардан тек ресми діни дереккөздерге сенуді сұраймыз", — деп атап өтті СҚО ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript