Павлодарда жанармай бекетінің жанында такси көлігі жанып кетті
Сурет: Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі
Павлодарда жанармай бекетінің жанында такси көлігі жанып кетті, оның не себепті өртенгені анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, таңғы сағат 09:53-те Helios жанармай құю стансасы маңында автокөлік жанған.
"Көлік тұрақта орналасқан еді. Қысқа тұйықталудың салдарынан көлік оталып, ағашқа соғылған. Жүргізуші көлікте болмады",- деп хабарлады департамент.
Оқиға орнында 6 қызметкер және бір техника жұмыс істеген.
Өрт 10:00-де ауыздықталып, 10:09-да сөндірілді.
Зардап шеккендер мен құрбандар жоқ. Өрт электр сымдарының қысқа тұйықталу салдарынан шықты. Бұл жалдамалы автокөлік екендігі белгілі болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript