Атырауда есірткі сатып, пайда таппақ болғандар ұсталды
Сурет: polisia.kz
Атырауда есірткі сатып, пайда таппақ болған Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарының тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Синтетикалық есірткіні сақтаған деген күдікпен Шығыс Қазақстан облысының 1981 жылы туған тұрғын анықталды. Сараптама қорытындысымен тәркіленген есірткінің салмағы 64,2 гр "Альфа-PVP" екені белгілі болды.
Қылмыстық кодекстің 296-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Сонымен қатар Атыраудың "Нұрсая" ықшам ауданында "синтетиканы" аса ірі мөлшерде жасырын тығу әдісі арқылы сатумен айналысып жүрген 1987 жылы туған Тараз тұрғыны ұсталды.
Сурет: polisia.kz
Алынған зат салмағы 70 гр "Альфа-PVP" және 128,31 гр мефедрон синтетикалық есірткі екені анықталды.
Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript