Синоптиктер елімізде тамыз айының басында ауа райы қандай болатынын айтып берді

Синоптиктер тамыз айының басындағы Қазақстандағы ауа райы туралы айтып берді, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.07.2023 12:17 Сурет: pixabay
Синоптиктер 2023 жылдың 1-3 тамызында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, республика бойынша жауын-шашынды ауа райы сақталады.

"Алдағы тәуліктерде Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен байланысты болады. Салдарынан найзағай ойнап, екпінді жел, бұршақ жаууы мүмкін", - делінген хабарламада.

Болжам бойынша, еліміздің батыс аймақтарында қысым күшейеді - жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

"Температура фонындағы елеулі ауытқулар болжанбайды". "Қазгидромет" РМК

Бұған дейін Қазақстанның төрт қаласында ауаның жоғары ластануы күтіледі деп хабарлаған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: