Жаңалықтар тізбегі
0

Астанада 56 заңсыз қоқыс үйіндісі жабылды

Астанада 56 заңсыз қоқыс үйіндісі жабылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.08.2023 17:37 Сурет: Zakon.kz
Астанада стихиялы үйінділерді жою және қоқысты дұрыс емес жерге төккендерді жауапкершілікке тарту бойынша белсенді жұмыс істеліп жатыр, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Биыл қалада 56 өздігінен пайда болған үйінділер жойылды. Рұқсат етілмеген үйінділерден 47 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды. Жергілікті полиция қызметімен бірлесе тәртіп бұзушыларды анықтау мақсатында тұрақты рейдтер жүргізіліп жатыр.

Мысалы, жыл басынан бері 1700-ден астам құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 134 құрылыс ұйымы және 89 қызмет көрсету ұйымы бар.

Экополигонға жақын аумақ қалдықтарды төгуге бөлінген. Бұл уақытша учаскеде аралас қалдықтар қабылданады. Облыс әкімдіктері мұнда 3600 тоннадан астам қоқыс әкеліп үлгерді.

Бүгіннен бастап елордада жұмыс істейтін барлық құрылыс компаниясына құрылыс қалдығын Экологиялық кодекс талаптарын орындай отырып, бұдан әрі солтүстікке шығарып, құрылыс алаңдарының аумағында қалдықтарды бөлек жинауға арналған контейнерлерді ұйымдастыру және орнатуға қатысты хабарлама берілді.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: