Алматы зообағы 46 жыл бұрын түсірілген таспаны көрсетті
Сурет: Zakon.kz
ҚР Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архиві Алматы хайуанаттар бағына оның тыныс-тіршілігіне қатысты қызық бейнежазбаны бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Архивтен алынған бейнетаспа осыдан 46 жыл бұрын түсірілген. Ескі видеодан хайуанаттар бағының тұрмысын, жануарлардың тіршілігін көре аламыз.
"Бұл біздің зообақтың өткен тарихы, сондықтан біз бұл мұрағатты ерекше ықыласпен сақтап, бүгінгі ұрпаққа ұсынып келеміз. Бейнетаспада зообағымыздағы пілдер – Дуббас пен Пальманы, Малютка сусиырын кішкентай төлімен көре аласыздар. Көріністегі кшкентай сусиыр қазіргі Юльканың "ағасы" немесе "әпкесі" болуы мүмкін. Ол жөнінде алдағы уақытта арнайы жеке жазба жариялаймыз", - деп жазды Алматы хайуанаттар бағының әкімшілігі.
Бейнетаспада мүйізтұмсық, тапир, морж, бірқазан, жапон макакасы сияқты жануарларды көруге болады. Сонымен қатар зообақ архивінде бақтың 50-60 жылдардағы бірнеше бейнекөріністердің жазбалары сақталған. Ең көне бейнетаспа 1938 жылы түсірілген.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript