Ақкенттегі өрттен 26 бала, екі жүкті әйел зардап шеккен – Денсаулық сақтау министрлігі
Сурет: видео скрині
Алматыдағы 16 қабатты тұрғын үйдегі ірі өрттің салдарынан 37 адам қаланың көпбейінді стационарларына жеткізілді, онда оларға қажетті медициналық көмек беріліп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Зардап шеккендердің ішінде - 26 бала, 2 жүкті әйел, 6 адам жергілікті жерде медициналық көмек алды, төртеуі емдеуге жатқызудан бас тартты.
"Өрт орнына жедел медициналық жәрдем қызметінің 23 бригадасы, оның ішінде 5 мамандандырылған (дәрігерлік бригада), 18 фельдшерлік бригада жіберілді. Қазіргі уақытта балалар ауруханасының реанимациясында 4 пациент бар". Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі
Қазіргі уақытта өрт толығымен сөндірілді. Оқиға орнында бір жедел медициналық жәрдем бригадасы кезекшілік етіп тұр.
Еске салайық, 1 тамызда Алматыда Ақкент ықшам ауданында көпқабатты үйлердің бірі өртенді. Бас сауғалаған адамдар терезеден секірді. Өрт орнынан түсірілген видеолар әлеуметтік желілерде тарады. 300 адам эвакуацияланып, 70-ке жуық адам құтқарылды.
Сағат 18:46-да өрт сөндірілді. Қаза тапқандар жоқ.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript