Алматыдағы өрттен зардап шеккендер уақытша жақын маңдағы қонақүйлерде тұрады
Аудан әкімі Азамат Қалдыбековтың төрағалығымен № 54 үйдің алдында жедел штаб құрылды, оған төтенше жағдайлар департаменті, полиция басқармасы, прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, әкімдік, РМО, РҚБ өкілдері кіреді.
Жедел штаб тәулік бойы жұмыс істейді.
Полиция басқармасы зардап шеккен азаматтардың мүлкінің қауіпсіздігі мен сақталуын қамтамасыз ету мақсатында жергілікті жерде полиция қызметкерлерінің кезекшілігін ұйымдастырды.
Зардап шеккен тұрғындар 178 лицейдің қонақ үйі мен спорт залында түнеп, тамақтанады.
Сонымен бірге Алматының құтқару қызметі арқылы 250 төсек орын дайындаған.
Бұған қоса:
- Аумақты санитарлық тазарту бойынша аудан қызметінің жұмысы ұйымдастырылды;
- Аудан әкімдігі пәтердің бүлінген материалдарын (терезелер, есіктер және басқалар) қалпына келтіру мәселесі бойынша құрылыс салушымен келіссөздер жүргізді, оның нәтижелері бойынша құрылыс салушы пәтерлерді қалпына келтіруге міндетті;
- Тұрғындар арасында қажетті түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр;
- Зардап шеккендер үшін жедел желі ұйымдастырылды: 87071872507, 3989820;
- Зардап шеккендерді уақытша тұрумен қамтамасыз ету үшін жақын маңдағы қонақүйлермен келіссөздер жүргізілді;
Әкімдіктің мәліметінше, қазіргі уақытта барлық қызмет штаттық режимде жұмыс істеп жатыр, аудан әкімі Азамат Қалдыбеков және барлық мүдделі қалалық пен аудандық қызметкер оқиға болған жерде жүр. Қазіргі кезде жағдай тұрақты.