Дәрігерлер Алматыдағы "Ақкент" тұрғын үй кешеніндегі өрттен зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты
02.08.2023 жылғы жағдай бойынша өрт салдарынан барлығы 49 адам зардап шекті, оның ішінде екі ересек адам (№7 қалалық клиникалық аурухана), 15 бала ( "Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығына" - 9 бала, 6 бала - №2 балалар клиникалық ауруханасына) жатқызылды. Қалғандары барлық қажетті медициналық көмек көрсеткеннен кейін ауруханаға жатқызудан бас тартты.
Екі ересек адам реанимацияда жатыр. Біреуі Кататравма диагнозымен 35 жастағы әйел. Биіктіктен құлаумен байланысты жарақаттар, көптеген сынықтар. Екі өкпенің жарақаты. Жану өнімдерімен улану. 2-дәрежелі травматикалық шок және ауыр бас-ми жарақаты диагнозымен 19 жастағы қыз бала бар. Бойжеткенде де көптеген сүйектері сынған. Назгүл Иманғалиева
1992 жылы туған бір әйел өмірге сәйкес келмейтін көптеген жарақаттардан қайтыс болды. Жағдайы ауыр кезінде дереу No7 қалалық клиникалық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді.
Жедел жәрдем бригадасының мәліметінше, ол өрт кезінде 5-6-қабаттан құлаған.
Емдеу кезіндегі әйелдің диагнозы: Кататравма. Қатарлас ауыр жарақат. Көптеген сынықтар. Жану өнімдерімен улану. Травматикалық шок 2-3 дәрежелі. Өмірмен үйлеспейтін жарақаттардан көз жұмды. Назгүл Иманғалиева
1 бала жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы тұрақты. Ауруханаға жатқызылғандардың да жағдайы тұрақты.
Ауруханалардың қабылдау бөлімінде қажетті мамандарды тарта отырып, барлық науқастарға қажетті көмек көрсетілді, көрсетілген көмектен кейін 17 ересек және 14 бала тұрғылықты жері бойынша емханаға одан әрі амбулаторлық емдеуге жіберілді. Назгүл Иманғалиева
Еске салайық, Алатау ауданы, Ақкент ықшам ауданы, 54-үйде болған өртке 23 жедел жәрдем бригадасы жұмылдырылды, оның ішінде 5 жансақтау бригадасы.