Жаңалықтар тізбегі
0

Есентай көпірін реконструкциялау: жаңарудан соң 600 ағаш егіледі

Есентай көпірін реконструкциялау: жаңарудан соң 600 ағаш егіледі, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.08.2023 09:27 Сурет: Алматы әкімдігі
Есентай өзені арқылы өтетін көпірді реконструкциялаған соң Әл-Фараби даңғылының бойына 600-ден астам ағаш егіледі. Жасыл желектерді инвентаризациялау және орман-патологиялық зерттеу материалдарына сәйкес, көпірді реконструкциялау аумағында барлығы 101 ағаш кесілген.

Алматы әкімдігінің хабарлауынша, бұл ағаштар халықтың аз қозғалатын топтары үшін велосипед жолдарының, тротуарлар мен пандустардың конструкциясына түзетулер енгізу үшін алынады. Ал 28 ағашты сақтап, 10 ағашты трансплантациялауға болады (оның 3-і трансплантацияланған). Кесу аймағындағы қалған ағаштар бойынша Алматы қаласы экология және қоршаған орта басқармасының қызметкерлерімен, жақын маңдағы тұрғын үйлердің тұрғындарымен, өсімдіктерді қорғау және карантин институтының экологтарымен, белсенділермен бірлесіп зерттеу жүргізілді. Олардың ішінде Салтанат Тәшімова, Омар Нұрхайдаров және т.б. Сарапшылардың пікірінше, жетілу жасына жеткен ағаштарды қайта отырғызу орынсыз.

Өз кезегінде, көшеттерді уақытша қайта отырғызу күзгі кезеңде бейімделу үшін питомник аумағында жүзеге асады. Жыл соңына дейін кесілген ағаштардың орнына көшеттер он есе мөлшерде егіледі. Экология және қоршаған орта басқармасының мониторинг және жасыл қорды басқару бөлімінің басшысы Нұрлан Құттыбаевтың айтуынша, қайта жаңарту аяқталғаннан кейін уақытша тотырғызылған жасыл желектер жағалау бойына қайта егіледі.

"Егер біз оларды осында қалдырсақ, ағаштар тамырланады. Сонымен қатар,жыл соңына дейін кесілген ағаштардың орнына он есе мөлшерде көшеттер егіледі. Бұл ретте жасыл екпелерді қорғау ережелерін ескере отырып, биіктігі кемінде 4 метр ірі өлшемді көшеттер егіледі",-деді Нұрлан Құтыбаев.

Еске салсақ, көпірді қайта құруды бастамас бұрын Есентай өзені бойындағы көпір мұқият тексеріліп, апатты екенін анықталған еді.

"Аралық құрылыстардың шеткі тақталарында сынған бетондар бар. Бұл тірек аймағындағы жұмыстарды қиындатып, бетонның қорғаныш қабаты бұзылады. Бұл қауіпті санатқа жатады, өйткені олар аралық құрылымның жүк көтергіштігін айтарлықтай төмендетеді. Сондықтан көпірді қайта құру басталды. Барлығы 96 дана көлемінде аралық құрылыстың плиталарын бөлшектеу және монтаждау жоспарланған. Жобада жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі үшін солтүстік және оңтүстік жағынан екі вело-жаяу көпір қарастырылған. Құрылыстың нормативтік ұзақтығы тоғыз - ай, бірақ жұмыс екі ауысымда кестеден бұрын жүргізіледі. Осыған байланысты көпірді реконструкциялауды оқу жылы басталғанға дейін аяқтау жоспарланып отыр. Велосипед-жаяу жүргіншілер көпірлерін жайластыру – биыл қазан айының ортасына дейін іргелес аумақты абаттандыру бойынша жұмыстарды аяқтау 2024 жылдың ақпанына жоспарланған", - деп атап өтті Алматы қалалық мобилділік басқармасы жол инфрақұрылымын дамыту бөлімінің басшысы Айдос Желдікбаев.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: