Ресейде коронавирус жұқтырғандардың саны артты

Ресейде коронавирус жұқтырғандардың саны артты, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.08.2023 17:01 Сурет: pixabay
Ресейдің 31 өңірінде коронавирус жұқтырғандардың саны артты. Бір күнде 11 мыңнан астам адамнан індет анықталған.

Дәрігерлердің дерегінше, соңғы 1 аптада науқас саны 20 пайызға өскен.

Тұтынушылар құқығын қорғау федералдық қызметі күзде науқастар көбеюі мүмкін деген болжам жасап отыр, деп жазады qazaqstan.tv.

Дерекке сүйенсек, кейінгі 3 жылда Ресей халқының жартысы коронавируспен ауырған. Бүгінгі күні көрші елде індетке қарсы 10-нан астам вакцина шығарылады.PauseUnmuteRemaining Time -0:05Fullscreen

Коронавирус ұлттық екпе тізіміне кіргізілді. Бізде індет күшейіп, қайта пандемия болады деген мәлімет жоқ. Бірақ науқастар саны артуы мүмкін. Себебі, коронавирусты жұқтыру деректері әлі де бар. Егер жағдай өзгеріп жатса ревакциналауды қарастыратын боламыз. Геннадий Онищенко, дәрігер-эпидемиолог
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: