Шу ауданында 60 келіге жуық марихуана дайындаған шопан ұсталды

Шу ауданында 60 келіге жуық марихуана дайындаған шопан ұсталды , сурет - Zakon.kz жаңалық 04.08.2023 11:21 Сурет: ҚР ІІМ
Шу ауданында 51 жастағы малшы есірткі дайындау кезінде ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қарасора – 2023″ жеделалдын алу іс-шарасы барысында іздестіру шараларын Жамбыл облысының полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті, ҚР ҰҰ "Бүркіт" арнайы мақсаттағы бөлініс қызметкерлері Теа қызметтік итін пайдалана отырып жүргізді.

Оқиға орнын тексеру барысында 57 келі 140 грамм кептірілген марихуана, 4 келі 820 грамм гашиш есірткі заты табылып, тәркіленді.

Сондай-ақ орылған қарасора қалдықтары бар орақ табылды.

"Ұсталған азамат кінәсін мойындап, Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі уақытта осы дерек бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігімен (Есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бұл баптың санкциясы 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады", – деп хабарлады облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: