Жаңалықтар тізбегі
0

Баланы мектепке дайындау үшін қанша ақша керек

Баланы мектепке дайындау үшін қанша ақша керек, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.08.2023 12:53 Сурет: Zakon.kz
Биыл мектеп формасы мен оқуға қажетті құрал-жабдықтар бірнеше есе қымбаттаған. Балаларын сабаққа дайындауға қызу кіріскен алматылық ата-аналар осылай дейді. Олар керек-жараққа бағаның едәуір өсіп кеткенін жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаладағы дүкендер мен базарларда сауда қызу жүріп жатыр. Ата-аналар балаларын жаңа оқу жылына дайындау оңайға соқпай тұрғанын айтады. Себебі қалтаны қаққан нарықтың бағасы ырыққа көнбей тұр, деп жазады Almaty.tv.

Базарларда биыл мектеп формасының бағасы сапасына қарай 20 мыңнан 50 мың теңгеге дейін құбылып тұр. Сөрелерде отандық өндірушілермен бірге Өзбекстан, Қытай, Түркия елінен әкелінген тауарлар да бар.

"Костюмдерде 2 шалбары мен жакеті бар, бағасы 23 мың теңге болады. Мектеп формалары 1-11 классқа дейінгі оқушыларға толық бар", – деді сатушы.

Сонымен, 1 баланы оқуға дайындау үшін қанша ақша кетеді? Саудагерлер нарықтағы орташа бағаны есептеп берді. Мектеп формасы - 25 мың теңге. Аяқ киім - 10 мың теңге. Сөмкені 8 мың теңгеге табуға болады.

Ал кеңсе тауарларына шамамен 10 мың теңге жұмсалады екен. Бас-аяғы 53 мың теңге. Бұл - тек орта сыныптағы оқушыға кететін құн. Ал әлеуметтік санаттағы отбасындағылар үшін мемлекеттен берілетін жыл сайынғы көмек бар. Ол 1 балаға шаққанда 43 мың теңгені құрайды.

"Мектеп формасына 35 мың және оқу құралдарына 8 мың теңге бөлінеді. Биыл екінші жыл қатарынан ақшалай көмек беріліп отыр. Бұрынғы кезде мектеп формасын сатып алып беретін. Қазір ақша ата-ананың есеп шотына түседі. Сосын сол ақшаға өздері базарға барып, киім таңдап алуына мүмкіндік бар", – деді Білім басқармасы басшысының орынбасары Жанат Айтбаева.

Айта кетейік, еліміз бойынша әлеуметтік санаттағы бала саны 400 мыңнан асады. Ал Алматыда отбасылық жағдайы төмен 14 мың 292 оқушы бар. 1 тамыздан бастап қала аумағында "Мектепке жол" акциясы басталған. Кәсіпкерлер мен меценаттардың қолдауымен көпбалалы отбасыларға көмек көрсетіледі. Қайырымдылық шарасы оқу жылы басталғанға дейін жүргізіледі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: