Иесіз иттердің әлегі: Атыраулық оқушылар мектепке жалғыз барудан қалған

Бродячие животные, бездомные животные, бродячие собаки, бездомные собаки, бродячие псы, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.01.2025 12:21 Фото: pexels
Атыраулық оқушылардың ата-аналары көшедегі қаптап жүрген бұралқы иттердің кесірінен балаларын сабаққа жалғыз жіберуден қалғандарын айтып шағымдануда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Atyrau Online Telegram-арнасының ақпаратынша, қала тұрғындары көшеде кезіп жүрген иесіз иттердің көптігіне наразы.

Олар көбіне таңғы уақытта және қас қарайғанда әсіресе мектеп оқушылары үшін қауіп төндіреді.

Оқушылардың ата-аналарының айтуынша, олар бүгінде балаларын шығарып салуға және қарсы алуға мәжбүр.

"Біз балаларды жалғыз жіберуге қорқамыз. Иттер күн сайын көбейіп келеді және олар қауіп төндіре бастады. Әсіресе балалардың мектепке барып-қайтатын, таңертеңгі және кешкі уақыттарында жанымызды шүберекке түйіп отырамыз",- деді қала тұрғындарының бірі.

Бұл ретте, әкімдік иттерді аулау уақытша тоқтатылғанын хабарлады. Бұл кідірістің себептері мен жұмысты қайта бастау мерзімдері нақтыланбаған.

"Атырауда қаңғыбас жануарлармен мәселе бірінші рет көтеріліп отырған жоқ. Бұған дейін жүйелі түрде аулауды және жануарларға арналған баспана салуды ұйымдастыруға күш салынды, бірақ жағдай шешілмеген күйінде қалып отыр", – делінген Atyrau Online Telegram-арнасының жарияланымында.

Бұған дейін Қазақстан-Өзбекстан шекарасында екі автомобиль өткізу пункті ашылатындығы хабарланған болатын. 

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: