Бурабай кентіндегі қонақүйде өрт шықты
Сурет: Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі
Ақмола облысы Бурабай кентіндегі қонақүйде өрт шықты, 106 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 6 тамызда сағат 11:59-да Ақмола облысының Бурабай кентіндегі өрт туралы хабар түскен.
3 қабатты "Алматы" қонақ үйінің ғимаратында 2-қабаттағы сервер бөлмесінде өрт шыққан.
Сурет: Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі
Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіруші-құтқарушылары үш тізе баспалдақтың көмегімен 6 адамды құтқарып, 100 адамды, оның ішінде 25 баланы эвакуациялады. Зардап шеккендер жоқ.
Өрт сағат 12:35-те оқшауланып, 13:00-де сөндірілді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript