Бурабай ауылындағы жазғы дәмханада төрт газ баллоны жарылды
Сурет: Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі
5 шілдеде Бурабай ауданы, Бурабай ауылында жазғы дәмханада өрт шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 2023 жылғы 5 шілдеде сағат 03:09-да Бурабай ауданы, Бурабай ауылындағы жазғы дәмханада өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.
Шақырту орнына бірден Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамының 38 адамы мен 10 техникасы, "Бурабай" МҰТП 2 қызметкері мен 2 техникасы жөнелтілді.
Сурет: Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі
Өрт сағат 04:13 оқшауланып, 05:04-те жойылды. Жарақат алғандар мен зардап шеккендер жоқ.
"Келген уақытта жазғы дәмхананың ғимараты толығымен өртке оранғаны байқалды, бұл хабарламаның кеш түскенін көрсетеді. Лезде қосымша күштер мен құралдарды тарту туралы шешім қабылданды. Сөндіру кезінде төрт газ баллоны жарылып, өрттің көршілес ғимараттарға одан әрі тез таралуына әсер етті. Жедел қабылданған шаралар өрттің тұрғын үйлерге таралуының алдын алды", – деді Щучье қалалық жасағының бастығы Руслан Базарбаев.
Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript