ШҚО-да суға батып бара жатқан ер адам бұталардан ұстап аман қалды
Сурет: ШҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі
Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары суға батып бара жатқан адамға көмектесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өскеменде "Восточник-3" саяжай қоғамы ауданында ТЖД Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері 1987 жылы туған адамды судан алып шықты.
Куәгерлер ер адамды Ертіс өзенінде ағын алып кеткенін байқап қалған. Ер адам суда тұрған бұталардан ұстап үлгерген.
Құтқарушылар оны құтқару станциясына жеткізіп, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript