Жамбыл облысында құтқарушылар суға батып бара жатқан жігітті аман алып қалды

Жамбыл облысында құтқарушылар суға батып бара жатқан азаматты құтқарып қалды., сурет - Zakon.kz жаңалық 15.06.2026 09:34 Сурет: ҚР ТЖМ
Жамбыл облысында құтқарушылар суға батып бара жатқан азаматты құтқарып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға Жуалы ауданындағы "Теріс-Ащыбұлақ" су қоймасында болған. Акваторияны патрульдеу барысында жедел-құтқару жасағының қызметкерлері суға батып бара жатқан 21 жастағы жігітті байқап қалған.

Құтқарушылар дереу әрекет етіп, азаматты судан алып шыққан. Оқиға орнында оған алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, жағдайы тұрақтандырылғаннан кейін жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.

Кейін зардап шегуші ауруханаға жеткізілді.

Осыған байланысты Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарға судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды және тек арнайы рұқсат етілген орындарда ғана шомылуды ескертті.

Айта кетейік, бұған дейін Баянауылдағы Батылдар шыңына шыққан туристерді құтқару операциясы жүргізілген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: