Қарағанды облысындағы шахтада бір жұмысшы жарақат алды
Сурет ашық дереккөзден
Қарағанды облысындағы "Шахтинск" шахтасында бір жұмысшы ауыр жарақат алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Кеніштегі бұрғылау жұмысы кезінде кен опырылып, 34 жастағы жігітті басып қалған. Әріптестері алғашқы көмек көрсетіп, дереу жоғарыға алып шыққан. Бұл туралы "Хабар 24" телеранасы хабарлады.
Кеуде сүйегі сынған кенші Мақажанов атындағы емханада ем алып жатыр.
Дәрігерлердің айтуынша, науқастың жағдайы бірқалыпты.
Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript