Қарағанды ​​облысындағы шахтада апатты жағдай болып, төрт адам қаза тапты

Қарағанды, шахта, газ жарылысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.11.2022 09:00 Сурет: Zakon.kz
Тағы бір жұмысшы іздестіріліп жатыр, 106 жұмысшы эвакуацияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қарағанды ​​облысындағы Ленин атындағы шахтада кеше түнде газ шықты.

Бұл ақпаратты ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов растады.

3 қараша күні шамамен түнгі сағат 3.00-те Шахтинск қаласындағы "Арселор Митал Теміртау" АҚ-ның Ленин атындағы шахтасында газды дренаж скважиналарды бұрғылау жұмыстарын жүргізу кезінде газ шығуы салдарынан 4 жұмысшы қайтыс болды. Тағы бір жұмысшыны іздеу жұмыстары жалғасуда. Қазіргі таңда 4 жұмысшы ауруханаға жатқызылды. Руслан Иманқұлов

Алдын ала мәлімет бойынша, 106 жұмысшы эвакуацияланған.

Иманқұлов апатты арнайы комиссия тексеретінін айтты. Тергеу қорытындысы бойынша оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: