«АрселорМитталТеміртау» зауытында үйінді астында қалған төрт адам қаза тапты
Сурет: Zakon.kz
"АрселорМиттал Теміртау" АҚ-тың (АМТ) еншілес кәсіпорыны "Құрылысмет" ЖШС-да ұстахана цехынындағы №9 пештің күмбезі құлауы салдарынан төрт жұмысшы қаза тапты, тағы біреуі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Науқас есін біледі, гемодинамикасы тұрақты, бірақ маңдайында терең жара бар. Қазіргі уақытта диагностика жүргізіліп жатыр. Политравма бөлімінің меңгерушісі, нейрохирург, хирург, реаниматологтар тексеру жүргізу үстінде, деп хабарлады Қарағанды облысы ҚДСБ баспасөз қызметі.
Зардап шеккен адам жедел желі бойынша қарқынды терапия палатасына жеткізілді.
Бүгін АрселорМиттал Теміртауда отқа төзімді материалдармен жұмыс жасайтын мамандар қазаға ұшырады. Қайғылы оқиға жұмыс жасамайтын жылу пешіндегі отқа төзімді материалды бөлшектеу кезінде орын алды. 4 адам қайтыс болып, біреуі ауруханаға түсті.Оқиға орнында ТЖД, өнеркәсіптік қауіпсіздік мамандары, сондай-ақ комбинат басшылығы және басқа да жауапты тұлғалар жұмыс істеуде. Қаза болғандардың туыстары мен жақындарына қайғырып, көңіл айтамын. Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек
Алдында АМТ цехында астында отқа төзімді материалдармен жұмыс жасайтын бес маман үйінде астында қалып кеткені белгілі болған еді.
Айта кетелік, сәуір айының басында кәсіпорын шахтасында жазатайым оқиға салдарынан жұмысшы қаза тапқан болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript