Қарағанды облысында тағы бір шахтада өрт болды

Көмір шахтасы, өрт, Қарағанды облысы, Саран шахтасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.08.2023 10:50 Сурет: pixabay
Қарағанды облысында көмір өндіретін "Саран" шахтасында өрт болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"2023 жылы 27 тамызда сағат 01:55 шамасында "Саранская" шахтасында өрт болып, апатты жою жоспары іске асырылды. Өрт КӘТКҚ бөлімі күштерімен сөндірді. Барлық жұмысшылар жер бетіне шықты. Зардап шеккендер жоқ, өрттің себептері мен мән-жайы анықталу үстінде". "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-тың баспасөз қызметі

Айта кетсек, 17 тамызда Қарағанды облысында "АрселорМиттал Теміртау"АҚ-қа тиесілі "Қазақстан" шахтасында өрт болды: конвейерлік таспа өртенді. Оқиға орын алған кезде шахтада 227 адам болған, олардың 222-сі жер бетіне шығарылды. Тағы бес кенші жер астында қалып кетті, олардың барлығы қаза тапты.

Сондай-ақ "Қазақстан" шахтасына өрт қою ықтималдылығы туралы ақпаратқа қатысты полиция түсінік берді.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: