Жаңалықтар тізбегі
0

СҚО-да жол шетінен екі адамның мәйіті мен балалар арбасында жатқан сәби табылды

полиция, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.08.2023 18:55 Сурет: polisia.kz
Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер жол шетінен екі адамның мәйіті мен балалар арбасында жатқан сәбиді тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

5 тамыз сағат 23:40-та Мағжан Жұмабаев аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне Қарақоға мен Надежка ауылдарының арасындағы жолдың шетінде еш қимылсыз екі адамның жатқаны туралы хабар жеткен.

Оқиға орнынан полиция қызметкерлері осы ауданның 38 және 35 жастағы тұрғындарын, ер адам мен әйел адамның мәйітін тапты.

Сондай-ақ оқиға орнынан алыс емес жерде балаларға арналған қоларбада жатқан кішкентай бала табылды. Ол жедел жәрдем көлігімен орталық аудандық ауруханаға жеткізілді. 2022 жылы туған бала жарақат алмаған. Қазір бала орталық аудандық ауруханадағы балалар бөлімінің бақылауында.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Образец ауылында жол апатының белгілеріне ұқсас сыртқы зақымдары бар Toyota Land Cruiser автокөлігі анықталды. Автокөліктің жүргізушісі, (көліктің иесі) Петропавлдың 39 жастағы тұрғыны ұсталды. Жауап ала келе ер адам екі жаяу жүргіншіні қағып кеткенін және оқиға орнынан кетіп қалғанын айтты". Polisa.kz

Жүргізілген медициналық куәландыру Тoyota Land Cruiser жүргізушісінің мас екенін көрсеткен.

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы"), 347-бабы ("Жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетіп қалу") және 119-бабының 1-бөлігі ("Қауiптi жағдайда қалдыру") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сараптамалар тағайындалды, тергеу жүріп жатыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: