Қазақстанда балабақшаға кезекке тұруға арналған бірыңғай база іске қосылады
Сурет: Zakon.kz
Қазақстанда балабақшаға кезекке тұруға арналған бірыңғай база іске қосылады. Себебі қазір мұндай жүйе әр қалада жеке істеп жатқандықтан, бармақ басты көз қысты әрекеттерге жол беріледі екен.
Бұл туралы Оқу ағарту министрлігінің мектепке дейінгі білім департаментінің директоры айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оның сөзінше, қазір жауапты ведомство цифрлық даму министрлігімен бірігіп, база дайындамақшы. Сонымен қатар, ол жүйеде әлеуметтік осал топтағы отбасы балалары да көрініп тұрады. Яғни, оларға автоматты түрде тегін тамақ беру мәселесі сол арқылы шешіледі.
"Бұл қызметің ашықтығын, деректердің бірыңғай тізілімін және сыбайлас жемқорлық тәуекелін азайтуды қамтамасыз етеді. Отбасылық жағдайға байланысты ата-аналардың мектепке дейінгі ұйымды таңдауының жаңа тәсілі пысықталып жатыр", – деді ҚР Оқу ағарту министрлігі Мектепке дейінгі білім департаментінің директоры Наталья Жұмаділдаева.
Оқи отырыңыз
Астанада көпқабатты тұрғын үйде өрт шықты
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript