"Гаджеттік қылилық" – қазақстандықтарда жиі кездесетін көз ауруы

«Гаджеттік қылилық» – қазақстандықтарда жиі кездесетін көз ауруы, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.08.2023 11:07 Сурет: АПН
8 тамызда әлемде Дүниежүзілік офтальмология күні атап өтіледі. Аталған мамандық иелерінің жұмысы күннен-күнге артып келеді: көру өткірлігінің төмендеуі қазіргі заманның басты ауруларының біріне айналды.

Белгілі офтальмолог Нафис Қульбаев қазақстандықтардың көз дәрігерлеріне көбінесе қандай проблемалармен жүгінетінін айтып берді.

Жоғары біліктілік санатындағы офтальмолог-дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты атап өткендей, біздің замандастарымыздың барлығында дерлік "гаджеттік қылилық" синдромы бар.

Дәрігер Алматыдағы көз клиникасында вахталық әдіспен жұмыс істейді, әртүрлі деңгейдегі қиын операцияларды жүргізеді.


"Гаджеттік қылилық" – жаңа, заманауи термин, ТМД аумағында ол алдымен ресейлік офтальмологтардың лексикасында пайда болды. Офтальмолог-дәрігерлердің қорытындылауы бойынша, біз өз гаджетімізге қараған кезде көздер тек жақын қашықтықта көру қабілетінің өзгеруі – аккомодацияға ғана емес, сонымен қатар, көзіміз тік емес, ішке қараған кезде конвергенцияға ұшырайды. Көз бұлшықеттері мәжбүрлі түрде созылып, осылайша, аталған ауру пайда болады", – деп түсіндіреді маман.

Кульбаев блефаропластика сияқты операцияны жиі жасайды. Бұл операция қабақтың терісі салбырап тұрған кезде, көздің қарашығы тері қатпарының артында жабылған кезде жасалады. Блефаропластика жарақаттан кейін, сондай-ақ туа біткен патологияларда қолданылады. Кейбір адамдарда бала кезінен қабақтың бұралуы немесе айналуы болады, бұл оларға үлкен қолайсыздық тудырады.

Дәрігер бұдан бөлек, тағы бір маңызды проблеманы – нұрлы қабық, көз торы, тамырлы қабық, көру жүйкесі немесе қабақтың бөлінуі кезінде пайда болатын колобома ауруын атап өтті.

Маманға сәтсіз пластикалық отаның салдарынан қиындыққа тап болған әйелдер де жүгінеді. Кәсіби емес косметологиялық операция кезінде қабақтар жабылмай қалып – лагофтальм ауруы пайда болады. Тәжірибесіз пластикалық хирург операция кезінде тым көп тері жамылғысын алып тастап, салдарынан қабақтың бұралуына соқтырады. Бұл пластикалық оталардан кейін болатын асқынулардың бір бөлігі ғана.

Дәрігер адамдардың жас көрінуге, әдемі болуға деген ұмтылысын түсінеді. Бірақ, шектен шықпауға кеңес береді. Айтуынша, әйелдер жас көріну үшін теріні қатты тартуға дайын, ботулотоксинді (ботокс) нормадан асыра егуді талап етеді.

Нафис Қульбаев алматылықтардың өз денсаулығына немқұрайлы қарайтынын сынға алды. Айтуынша, көбісі дәрігерге аурулары асқынған кезде бір-ақ жүгінеді.

Офтальмолог өкінішке орай, қаладағы ластанған ауаның адамдарды созылмалы конъюнктивитке шалдықтыратынын атап өтті. Ол алматылықтарға, қазақстандықтарға кем дегенде жылына бір рет көзді тексеріп тұруға кеңес берді.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: