Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев Екібастұз жұртшылығына ризашылығын білдірді

Павлодар облысы, ҚР президенті, Екібастұз ЖЭО, Екібастұз қаласының тұрғындары, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.08.2023 15:03 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 9 тамыз күні Павлодар облысына жұмыс сапары кезінде Екібастұз қаласының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әңгімелесу барысында президент қиын-қыстау жағдайда шыдамдылық танытқаны және апат салдарын жою кезінде азаматтық белсенділік көрсеткені үшін екібастұздықтарға алғыс айтты:

"Екібастұзға ахуалды көру үшін арнайы келіп отырмын. Өткен қыс оңай болған жоқ. Бәрін көрдім, түсінемін. Дегенмен бәріміз бір ұлт, бір ел ретінде ауызбіршілік танытуымыз керек. Қала тұрғындары осы қиын жағдайда сабырлық танытып, шыдады. Азаматтық позициясын, көзқарасын білдірді. Сондықтан баршаңызға ризашылығымды білдіремін. Үкіметке тиісті тапсырмалар берілді. Тиісті қаражат бөлінді. Сондықтан бәрі ойдағыдай болады деп ойлаймын", – деді ол.

Қала тұрғындары үйлерін жылумен қамтамасыз етудің мән-жайы туралы айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев былтырғы төтенше жағдай қайталанбауы үшін Үкімет тарапынан барлық қажетті шаралар қабылданып жатқанын мәлімдеді.

Павлодар облысы, ҚР президенті, Екібастұз ЖЭО, Екібастұз қаласының тұрғындары, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.08.2023 15:03

Сурет: akorda.kz

Сонымен қатар тұрғындар мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау үшін алғыс айтып, Президенттен қаланы абаттандыру және әлеуметтік нысандар салу мәселесін көтерді. Атап айтқанда, Екібастұз қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Самат Рамазанов "Шахтер" саябағына күрделі жөндеу жүргізу қажет екенін айтты. Ал көпбалалы ана Аяна Смағұлова қалада балалардың бос уақытын тиімді өткізіп, олардың жан-жақты дамуына арналған Шығармашылық үйін салып беруді сұрады.

Мемлекет басшысы тұрғындардың өтініштерін назарға алып, тиісті тапсырма беретінін жеткізді.

"Дұрыс айтасыз. Назарға аламыз. Қысқа уақытта Шығармашылық үйін саламыз. Жалпы, бізге ел көлемінде өскелең ұрпақтың игілігі үшін нысандарды көбірек салу керек. Спортпен айналысу керек екенін айтып жүрмін ғой. Балалаларды спортқа баулу керек. Бірақ ол үшін лайықты спорт алаңдары, стадиондар қажет. Тіпті, ондай спорт нысандар елорда да жетіспейді. Сондықтан әкімдер бұл мәселемен міндетті түрде айналысуы керек", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қыркүйек айында жарияланатын Қазақстан халқына жолдауында қандай мәселеге тоқталатынын айтты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: