Астанадағы LRT-ны іске қосу мерзімі тағы да шегерілді
Сурет: Zakon.kz
Астанадағы LRT-ны іске қосу мерзімі 2025 жылға шегерілді. Бұл туралы "City Transportation Systems" ЖШС басқарма төрағасы Ғани Тәжиев мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
10 тамызда қалалық мәслихаттың отырысында ол LRT-ны іске қосу процесін жеделдету мақсатында жоба екіге бөліп қарастырылғанын айтты.
"Кешеннің алғашқы бөлігін іске қосу 2025 жылы мүмкін болмақ. Бірінші кешен сегіз станцияның құрылысын аяқтауды, сондай-ақ бес жылжымалы құрам желісін іске қосуды көздейді. Оның құны - 1 миллиард 152 миллион доллар. Екінші кешенді іске қосу арқылы қалған 10 станция пайдалануға беріледі, сондай-ақ қосымша 14 жылжымалы құрам желіге қосылады. Оның құны - 735 миллион доллар. Аяқтау мерзімі үздіксіз қаржыландыру арқасында 2026 жылдың соңында мүмкін болмақ", - деп нақтылады Ғани Тәжиев.
Оның айтуынша, жылжымалы құрамға "Тритон" моделі қарастырылған, оның максималды сыйымдылығы - 652 адам, ал максимальды жылдамдығы – 80 км/сағат. Құрамалар толығымен автоматтандырылған және жүргізушісіз болады.
Станцияларда билет сатып алуға арналған аймақтар, соның ішінде автоматтандырылған жүйелер, сауда алаңдары мен санитарлық-гигиеналық қондырғылары бар күту залдары болады. LRT-ның жалпы ұзындығы - 22,4 км.
"Жобаның жалпы құны 1 млрд 880 млн долларды құрайды", - деді "City Transportation Systems" ЖШС басшысы.
Оқи отырыңыз
Астанада көпқабатты тұрғын үйде өрт шықты
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript