Жаңалықтар тізбегі
0

ҰҚШҰ елдерінде есірткіге қарсы операция жүргізіледі

ҰҚШҰ-ның есірткіге қарсы операциясы Алматыдан үйлестіріледі Сурет: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше елдердің аумағында есірткіге қарсы "Канал-Перехват" операциясын өткізу жоспары туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

14 тамызда өткен брифингте Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шұғыла Тұрлыбек Алматыда есірткіге қарсы "Канал-Перехват" жедел алдын алу операциясы бойынша ұйымдастыру кеңесі өткенін айтты.

"Канал-Перехват" операциясы ағымдағы жылдың қыркүйек айының басында Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше мемлекеттердің аумағында есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі құзырлы органдардың қатысуымен жүргізіледі. Қатысушы елдердің құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылы мен үйлестіруін Алматы қаласында Есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығының алаңында орналасқан Халықаралық үйлестіру штабы жүзеге асырады. Шұғыла Тұрлыбек

Үндістан, Иран, Қытай, Моңғолия, Сирия, Түрікменстан, Өзбекстан құқық қорғау органдарының, сондай-ақ бірқатар халықаралық ұйымдардың – Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес жөніндегі Еуразиялық топтың, БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс бойынша аймақтық басқармасының, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Аймақтық терроризмге қарсы құрылымы, ТМД Кеден қызметтері Құқық қорғау департаменттері басшыларының комитет өкілдері бақылаушы ретінде қатысуды жоспарлап отыр.

Операцияның негізгі міндеттері:

  • жаңа психоактивті заттардың айналымын басу;
  • ҰҚШҰ мемлекеттерінің аумағына Ауғанстан мен Ираннан ауғандық опиаттар контрабандасының арналарын жою;
  • трансұлттық есірткі топтарының қызметіне жол бермеу және есірткіден түскен кірістерді заңдастыру;
  • қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды заңсыз айналымнан шығару.

Есірткі бизнесімен күресуге Қазақстан 53 млрд теңге жұмсайтыны осыған дейін хабарланған болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: