Жаңалықтар тізбегі
0

Арман Мансұров ҚР Қарулы күштерінің Тыл бастығы болып тағайындалды

ҚР Қарулы күштерінің Тыл бастығы, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.08.2023 13:03 Сурет: gov.kz
Арман Мансұров Қарулы күштердің Тыл бастығы лауазымына тағайындалғанға дейін ҚР Қарулы күштері Құрлық әскерлері бас қолбасшысының тыл жөніндегі орынбасары болған, деп хабарлайдыZakon.kz.

Қорғаныс министрінің бұйрығымен ҚР Президенті әкімшілігінің келісімі бойынша полковник Арман Мансұров ҚР Қарулы күштерінің Тыл бастығы болып тағайындалды.

Арман Нұрланұлы – Петропавл жоғары әскери училищесінің түлегі.

2010 жылы Санкт-Петербургтегі армия генералы Хрулев атындағы Тыл және көлік әскери академиясын және 2018 жылы Мәскеудегі Ресей Федерациясы Қарулы күштері Бас штабының Әскери академиясын бітірді.

Батальонның әскери-шаруашылық жабдықтарының бастығы, полк қызметінің бастығы, құраманың бастығы, полк және бригада командирінің тыл жөніндегі орынбасары, "Шығыс" және "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылықтары қолбасшысының тыл жөніндегі орынбасары лауазымдарында қызмет атқарды.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: