Түркістан облысында бүйрек трансплантациясы жасалды

Түркістан облысында бүйрек трансплантациясы жасалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.08.2023 16:48 Сурет: pixabay
Түркістан облысының клиникалық ауруханасында алғаш рет бүйрек алмастыру операциясы жасала бастады.

Бүгінге дейін 5 науқасқа жасалған бүйрек трансплантациясы сәтті аяқталды.

Білікті дәрігерлер мұндай отаға 7-8 жыл көлемінде дайындалғанын айтады, деп жазады qazaqstan.tv.

Әрі алыс жақын шетелдерде тәжірибе алмасқан. Сондай-ақ, мамандарға А.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы қолғабыс еткен.

Қазір өңірде 400-ге жуық адам гемодиализ қаблдайтын болса, соның 160-қа жуығы бүйрек алмастыруды қажет етеді.

Дәрігерлер алдағы уақытта облыстық ауруханада бауыр алмастыру операцияларын жасамақ.

"Екі науқасымыздың да жағдайы қазір жақсы. Гемодиализ сеанстарын қабылдап жатқан жоқ. Ол дегеніміз салынған бүйрек өзінің қызметін атқарып, зәр шығарып, организміндегі улы заттардың барлығын салынған бүйрек шығарып беріп жатыр." Жанболат Бердібайұлы, хирург-трансплантолог
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: