Жаңалықтар тізбегі
0

Шымкент әкімі жастарды мегаполисті дамыту үшін атсалысуға үндеді

Әйтенов, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.08.2023 23:01 Сурет: Шымкент әкімдігінің баспасөз қызметі
Бүгін Шымкент әкімдігі жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңес отырысында атқарылған жұмыстар мен өзекті проблемалар қаралды.

Бүгінде еліміздің жастарына үлкен қолдау көрсетіп отырған Президент тапсырмасы шеңберінде қалада осы санатқа кіретін азаматтардың жан-жақты дамуына, білім алуына, кәсіпкерлікпен айналысуына тиісті көмектер көрсетіліп жатыр.   

Қазір қала аумағында бұл санатқа кіретін азаматтар саны 363 мыңға жетті. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ұлттық жоба аясында биылдан бастап жастарға жеңілдікпен шағын несие беру қолға алынды. Енді 21 жастан 35 жасқа дейінгі жастар 2,5%-бен 5 миллион теңгеге дейін несие ала алады. Осы бағытта қала бюджетінен 261 жасқа шағын несие беру жоспарда бар. Бұл – кәсіпкерлікпен, тауар өндірумен, сатумен, қызметтер көрсетумен, өнім өндірумен айналысқысы келетін жастарға берілген үлкен қолдау. 

Әйтенов, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.08.2023 23:01

Сурет: Шымкент әкімдігінің баспасөз қызметі

Жастарды жұмыспен қамтуда "Жастар практикасы", "Алғашқы жұмыс орны" жобалары да өз нәтижесін беруде. Сондай-ақ кеңес отырысында жастар арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылық және нашақорлықтың алдын алу шаралары талқыланды. 

Әйтенов, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.08.2023 23:01

Сурет: Шымкент әкімдігінің баспасөз қызметі

Мұрат Әйтенов жауаптыларға жастарды қолдау шараларын сапалы, нәтижелі атқаруды тапсырды. Сондай-ақ несие алған азаматтардың жобаларына жан-жақты талдау жүргізіп, бағытталған қаржының мақсатты әрі нәтижелі игерілгеніне тұрақты мониторинг жасауды ескертті. Сонымен қатар жастарға арнайы айына екі рет бос жұмыс орындарының жәрменкесін тұрақты түрде өткізу бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.

Әйтенов, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.08.2023 23:01

Сурет: Шымкент әкімдігінің баспасөз қызметі

"Қаланы абаттандыруда, көріктендіруде белсенді жастардың күшін пайдалану тиімді болады. Бірлесе жұмыс істеу жастар үшін үлкен тәжірибе. Қай істе де сапаны көздеуіміз керек. Бұл ретте жастарды қолдаудағы мемлекеттік бағдарламалардың сапалы, нәтижелі орындалуы маңызды. Бүгінде қай санаттағы жастарға болмасын, мемлекеттік қолдау жан-жақты қарастырылған. Еңбек өтілі болмағандықтан жұмысқа орналаса алмай жүрген жастарға арналған арнайы бағдарламалар жасалды. Кәсіппен айналысқысы келетін жастарға да үлкен мүмкіндіктер бар. Жас буынды баспанамен қамту шаралары да нәтижесін беруде. Тіпті кезінде білім ала алмай қалған жастарға жан-жақты көмектер көрсетіледі. Бір сөзбен айтқанда, жас буынның болашағын құруға барлық мүмкіндіктер қарастырылған". Мұрат Әйтенов

Сурет: Шымкент әкімдігінің баспасөз қызметі

Кеңестің қорытындысында түрлі саладағы озат жастар арнайы марапатталып, сый-құрметке бөленді. Қала әкімі қоғамның қозғаушы күші – жастарды мегаполистің дамуына атсалысуға, мемлекеттік қолдауларды тиімді пайдалана отырып, жаңаша, тың жобаларды жүзеге асыруға шақырды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: