Жаңалықтар тізбегі
0

Мемлекеттік хатшы құмар ойын бизнесімен күресудің кешенді жоспары әзірленіп жатқанын айтты

Құмар ойын бизнесі, күрес, ұлттық жоспар, Ерлан Қарин, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.12.2023 16:39 Сурет: Zakon.kz
"ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес үшін 2023 жыл табысты болды. Бұл Кеңес жастарға қатысты бірқатар маңызды стратегиялық құжаттарды әзірлеуге атсалысты". Бұл туралы Мемлекет хатшысы Ерлан Қарин айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Атап айтсақ, Мемлекеттік жастар саясатының 2023 - 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы дайындалды. Биыл осы құжатты жүзеге асыру барысында жас азаматтардың кәсіпкерлікпен айналысуына жол ашатын маңызды бастама қолға алынды: жалпы сомасы 26 миллиард теңгені құрайтын 5,6 мың бизнес жобалары үшін 2,5% мөлшерлемесімен жеңілдетілген несие беріледі. Келесі жылы жастарға арналған жеңілдетілген тұрғын-үй бағдарламасын қолға алу жоспарда бар", деп жазды Ерлан Қарин Telegram-дағы арнасында.

Кеңестің тікелей қатысуымен әзірленген тағы бір маңызды құжат – Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023 - 2025 жылдарға арналған кешенді жоспары.

"Синтетикалық есірткіге қарсы іс-қимылдың маңыздылығы алғаш рет кеңес алаңында айтылған еді. Енді Жоспардың орындалуы осы құрылымның тұрақты бақылауында болады", - дейді Мемлекеттік хатшы.

Бұдан бөлек, Ерлан Қарин кеңестің мүшелері "Қазақстан жастары – 2023" атты ұлттық баяндаманы әзірлеуге елеулі үлес қосқанын баса атап өтеді.

"Алдағы 2024 жылы да кеңес жастарға қатысты өзекті мәселелермен белсене айналысып, Мемлекет басшысының бастамаларын жүзеге асыруға атсалысуды жалғастыратын болады. Нақты айтқанда, бүгінде кеңес лудоманияның таралуына жол бермеу ісін мықтап қолға алды. Осы орайда, оның мүшелерінің ұсынысымен құмар ойын бизнесіне қарсы іс-қимыл және лудоманияға қарсы күрес жөнінде кешенді жоспарды әзірлеу жұмысы басталды", делінген жазбада.

Айта кетсек, алдында Ерлан Қарин биыл жүзеге асырылған саяси реформаларға тоқталып, жылды қорытындылаған еді. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: