Діни сауаттылықты арттыру бүгінгі күннің басты талабы: Алматы облысында 2 күндік оқыту курсы өтті

"Адам және қоғам" қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен облыстық ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын тиімді ұйымдастыру мен дінтанулық сауаттылықты арттыру бағытында 2 күндік оқыту курсын өткізді.  , сурет - Zakon.kz жаңалық 17.08.2023 14:20 Сурет: Алматы облысының Дін істері басқармасы
Оқыту курсына Алматы облысының Балқаш, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Қарасай, Іле, Талғар, Ұйғыр, Райымбек, Кеген аудандары және Қонаев қаласының ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ағымдағы жылдың 15-16 тамыз күні Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласында Алматы облысының дін істері басқармасының әлеуметтік тапсырыс аясында "Адам және қоғам" қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен облыстық ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын тиімді ұйымдастыру мен дінтанулық сауаттылықты арттыру бағытында 2 күндік оқыту курсын өткізді.

Шараның негізгі мақсаты: Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатын іске асыру жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған кешенді жоспары мен дін саласын реттеуге бағытталған өзге де заңнамалық актілер негізінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын тиімді ұйымдастыру болып табылады.

Оқыту курсына Алматы облысының Балқаш, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Қарасай, Іле, Талғар, Ұйғыр, Райымбек, Кеген аудандары және Қонаев қаласының ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері қатысты.

Айта кету керек, екі күнге жалғасқан оқыту курсы өте жоғары деңгейде өтті.
Шара соңында курсқа қатысушыларға арнайы сертификаттар мен ынталандыру сыйлықтары табысталды.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: